«Бүгінде халықты, ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді. Халықты толғандырып отырған басты мәселе - табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтарымыздың арасындағы алшақтық - біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар, дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды!», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзіне қарағанда, дәл осы өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешуде ортамерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет.