АСТАНА. KAZINFORM — Референдум күні дауыс берушілер тіркелген мекенжайы бойынша учаскеге баруы тиіс. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
— Егер азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскеге келіп, тізімнен өзін таппаса, онда қызметкерлер көмегіне жүгінгені жөн. Жауапты мамандар оның тіркелген мекенжайы бойынша учаскесін анықтап береді. Еліміздегі 10 402 учаскенің жартысынан астамы мұндай қызметті көрсете алады. Ал Астанада бұл көрсеткіш 100%, — деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі учаскелер дауыс беруге дайын және заңнама талаптарына сай екенін жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.