«Құқық қорғау органдарының қазіргі кездегі құрылымы, бірқатар қызметтері мен өкілеттілігі қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынастарға сәйкес келмейді. Құқық қорғау органдарының қызметі басқару жүйесінің қолайсыздығымен, қызметтердің қосарлануымен және қиылысуымен сипатталады. Сапалы көрсеткіштердің көлемдік көрсеткіштерге ауысуы орын алды»,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы.
Елбасының айтуынша, құқық қорғау органдарының қазіргі кездегі жұмыс тиімділігін бағалау өлшемдері олардың функционалдық мақсаттарын шешудегі бағытына мүмкіндік туғызбайды. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына деген халықтың сенім деңгейіне ықпал етеді және осы арқылы барша билікке әсер етеді.