Азаматтарды алдап, ақша жымқырып келген алаяқ ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айсұлу атты 46 жастағы әйелдің құрбанына айналушылардың айтуынша, ол өзін мемлекетті органның қызметкері ретінде таныстырған және жергілікті басқару ұйымдарында беделді таныстары бар екендігіне сендірген.
"А. есімді әйел ауызша келісім арқылы тұрғын үйдің шаршы метріне және атқару мерзіміне қарай әртүрлі мөлшерде ақша алған. Бұл қаржы орта есеппен алғанда 3 мың АҚШ долларынан және одан жоғары сомада болған. Күдікті Алматы қаласында тіркеліп, Астанада тұрып жатқан. Сондықтан да оның құрбандарының көпшілігі осы екі ірі қаланың тұрғындары. Дегенмен, біз оның құрығына ілінген талдықорғандық жәбірленушіні де анықтадық. Қазіргі тергеу жұмыстары бойынша олардың саны - 40 екендігі анықталды. Бұл алдағы тергеу жұмыстары барысында өсе түсуі мүмкін", дейді Алмалы аудандық ІІБ-ның криминалды полиция бөлімінің бастығы Ільяс Өмірсеріков.
Белгілі болғанындай, Айсұлу алаяқтықпен бір жыл көлемінде айналысып келген. Ол өз клиенттерінің сеніміне кіру үшін қымбат киімдер мен бағалы автокөлігіне мініп барып отырған. Күдікті ақшаны азаматтардың пәтер алуына көмектесу үшін алғандығын мойындаған.
"Ұсталушының берген әр түсінігі жіті тексеріледі. Егер бұл жерде көптеген адамның қатысы бар екендігін анықтасақ, онда алаяқтың барлық сыбайластарын ұстауға әрекет жасаймыз", дейді І.Өмірсеріков.