«Биылғы жылды қорытындылаудың түрлі жақтары баршылық. Дегенмен, мен жалпылама алғанда ағымдағы жыл еліміз үшін тұрақты деп ойлаймын. Әрине, қиындықтар жоқ емес, бар. Дегенмен, азаматтардың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетпеуі үшін бәрін жасаймыз», - деді Н.Назарбаев. Бұдан соң Елбасы келер жылдан бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы көбейетінін, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер мен дәрігерлердің, «Б» корпусының жалақысы артатынын айтты. Сонымен қатар дағдарысқа қарамастан, зейнетақы мен шәкіртақы деңгейі де артады. «Бұның бәрі азаматтарды дағдарыс салдарынан сақтау үшін жасалуда», - деді Елбасы.
20:42, 13 Желтоқсан 2015
Азаматтардың әлеуметтік ахуалы нашарлап кетпеуі үшін бар жағдай жасалады - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтардың әлеуметтік ахуалы нашарлап кетпеуі үшін бар жағдай жасалады. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.