Азаматтардың банкроттығына қатысты заң жобалары талқылауға шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына орай әзірленген Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығына қатысты заң жобалары ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашық талқыланады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы әзірленген.

Бұл жобалар http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 2 ақпанында орналастырылған.