«Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айырумен жазаланады. Сонымен бірге 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бұған қоса, 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады», - деп көрсетілген құжатта.
Қолданыстағы заңда мұндай қылмыстар үшін қандай да бір қызметпен айналысу құқығына 3 жылға дейін шектеу қойылады немесе 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, кінәлі 180 сағатқа түзеу жұмыстарына тартылады не болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алынады.