Ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға беріледі: 20 000 теңге көлемінде - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; 10 000 теңге көлемінде: жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері, медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес тылда жұмыс істеген (қызмет еткен);
Ұлы Отан соғысы жылдарында жергілікті әуе қорғанысының нысандық және апаттық командасы өзін-өзі қорғау тобының жеке құрамы қатарында болып қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ленинград госпитальдері мен ауруханаларында көз жұмған қызметкерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне;
қаза тапқан Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ, қаза тапқан соғысқа қатысушылардың, партизандар мен астыртын ұйым мүшелерінің әйелдеріне (ерлеріне), «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Ленинград қоршауының тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға, аурудан мүгедек деп танылған, еңбекте немесе басқа да жағдайларда мүгедектік алған (заңға қайшы жағдайлардан басқа) екінші қайтара некеге тұрмаған адамдарға;
қайтыс болған әскери қызметкердің отбасына, мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері және әлеуметтік қорғалуы туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы 1 тармағымен айқындалған адамдарға;
екі бірдей немесе жалғыз ата-анасынан айырылған жетім балаларға; 18 жасқа дейінгі екі және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасына.