Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армиямыз қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етіліп, еліміздің қорғаныс қабілеті нығая түсті. Сот және құқық қорғау жүйесінде маңызды реформалар жасалып, азаматтардың құқықтары тиімді қорғалуда. Олардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс белсенді жүргізілуде. Тиісті заңнамаларды жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды», - деп атап өтті ҚР Президенті.