«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің бұйрығы

2016 жылғы 22 қаңтар №52 Астана қаласы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1) тармақшасына сəйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8527 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10049 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2015 жылғы 16 сəуірдегі № 69 (28547) жарияланған күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа жəне электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық акпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің интернет-ресурсында жəне мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрі Ə.ИСЕКЕШЕВ
 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары (бұдан əрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан əрі - Заң) 9-1-бабының 1-тармақшасына сəйкес əзірленді жəне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан əрі - Мемлекеттік корпорация) қызметінің тəртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке жəне заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды жəне (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен жəне əлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

3. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Заңға сəйкес мағыналарда пайдаланылады.

 4. Мемлекеттік корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өкілеттіктерді жəне қызметтер түрін жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік корпорация қызметінің тəртібі

5. Өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызметтердің дайын нəтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес, жексенбі жəне мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін үзіліссіз, жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады.

7. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерды көрсету тəртібі Заңға сəйкес уəкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен жəне регламенттерімен айқындалады.

 8. Құжаттарды қабылдау жəне дайын құжаттарды беру электронды кезек тəртібінде жүзеге асырылады. Жұмыс орындары Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің тегі, аты, əкесінің аты (əкесінің аты бар болғанда) жəне лауазымы көрсетілген тақтайшалармен жабдықталады.

9. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сəйкестендіруді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына жəне Заңға сəйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мəліметтерді сақтайтын, ақпараттық жүйелерден мəлеметтер бар болған кезде оларды алады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Заңмен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

11. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сəйкес жүзеге асырылады жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен жəне регламенттерімен реттеледі.

 12. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің оған қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылады.

13. Мемлекеттік корпорацияның үй-жайлары визуалды бақылау үшін фото жəне бейнекамералар көмегімен жабдықталуы мүмкін. Бейнекамералар жүйесі болған жағдайда, кіре берісте бейнебақылау жүйесі бар екені туралы ескертетін маңдайша ілінеді.

14. Мемлекеттік корпорация қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мəселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді.

15. Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда «электрондық үкіметтің» веб-порталы сервистерін пайдалану жəне электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мəселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.

16. Мемлекеттік корпорация: мелекеттік қызметті көрсету тəртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда, оның ішінде, көзі жəне (немесе) естуі бұзұлған адамдарға қол жетімділікті ескере отырып ақпараттандыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектермен (дене қимылы) икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді; мүгедектердің кедергісіз теңдей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шараларын қабылдайды.

17. Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру алдында өтініш беруші немесе оның өкілі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес (бұдан əрі - Азаматтық кодекс) жəне басшы куəландыратын құжатты ұсынады, өтініш беруші өкілі оның өкілеттігін растайтын құжатты қосымша ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіндегі (бұдан əрі - МАЖ) өтініш беруші туралы деректерде сенімді тұлға жөніндегі деректер тіркеледі.

18. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сəйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сəйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды.

МАЖ-де алдын-ала толықтыру іске асырылған (өтініштің автоматты қалыптастыруы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді, бланктерді толтырудың толықтығын тексерді;

өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сəйкестендіреді;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде белгіленген, тиісті міндетті төлемдерді бюджетке енгізгенін растайтын, құжаттардың бар болуын жəне реквизиттерін тексереді;

өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты жəне тапсырылған құжаттардың тізімін МАЖ-ға енгізеді;

өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты жəне əкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы МАЖ иеленген штрих-кодымен қолхатты береді;

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды бас тартады жəне жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;

қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;

Мемлекеттік корпорация басшылығын, Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалдарының аумағында өзіне белгілі болған тəртіп пен заңның барлық бұзушылықтары туралы хабардар етеді;

МАЖ-де уəкілетті органдарға құжаттарды тапсыру, уəкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру жəне өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-қимылдарды (штрих-кодты сканерлеу əдісімен) белгілейді.

19. Өтініштерді қабылдау жəне құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен өтініш берушінің ниеті бойынша қазақ жəне орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

20. Алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді жəне өтініштердің бланкілердің дұрыс толтырылуын тексереді. Өтініш берушілердің ниеті бойынша МАЖ-дан көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі басып шығарылады.

21. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация кызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде көзделген жағдайда, ұсыналған құжаттың түпнұсқасы бар құжатты электрондық көшірмесін куəландырады.

22. Операциялық залдан қабылданған құжаттарды (егер бар болса, құжаттар топтамасын) жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері (маманы) жүзеге асырады. Жинақтау секторына келіп түскен өтініштер (егер бар болса, құжаттар топтамасын) бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен МАЖ-де белгіленеді.

23. Мемлекеттік корпорация өтініш берушілірдің МАЖ-де белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

24. Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сəйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куəландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің өкілі Азаматтық кодекске сəйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.

Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешімдер туралы, зейнетақы төлемдері, жəрдемақылар, бір реттік жəне өзге де төлемдер туралы sms-хабарлар беру арқылы ұялы телефонға хабарлайды.

25. Өтініш беруші (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң зейнетақы төлемдерін, жəрдемақыларды, бір реттік жəне өзге де төлемдерді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жəрдемақыны, мекенжайлық əлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардан басқа, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады. Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын, жеке куəліктерін бір жыл ішінде сақтауды, уақытша куəліктерді мерзімі аяқталғанша дейін сақтауды.

26. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауға жəне дайын құжаттарды беруге байланысты əрекеттері МАЖ-да тіркеледі. Көрсетілетін қызмет берушімен іс-қимыл МАЖ арқылы жүзеге асырылады.

27. Қызмет алушының ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратып алуы рұқсат етілмейді.

28. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде белгіні болған азаматтардың дербес деректерін «Дербес деректер жəне оны қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес үшінші тұлғаларға жария етуге рұксат етілмейді. Өздерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру барысында, зейнетақы жинақтары мен əлеуметтік аударымдардың құпиясын кұрайтын мəліметтерге қолжетімділік алған, Мемлекеттік корпорация кызметкерлері зейнетақы жинақтарының жəне шартты зейнетақы шоттардың құпиясын құрайтын мəліметтерді жария етпейді.

29. Мемлекеттік корпорация Жарғыға сəйкес мемлекеттік жəне өзге қызметтерді ақылы түрде көрсете алады.

30. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

31. Мемлекеттік корпорацияның уəкілетті органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

32. Өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға берген өтінімінің орындалу қозғалысы мен кезеңінің бағытына мониторинг МАЖ көмегімен жүргізіледі.

33. Тиісті уəкілетті органдарға ұсынылатын құжаттардың тізілімі МАЖ-да қалыптасады. Ұсынылатын құжаттардың тізілімі екі данада басылады. Тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштер (егер бар болса, құжаттар топтамасымен бірге) кестеге сəйкес курьерлік жəне (немесе) пошталық байланыс, жəне (немесе) ақпараттық жүйе арқылы уəкілетті органға жіберіледі. Тізілімнің екінші данасы уəкілетті органның қабылдағаны туралы белгісі бар Мемлекеттік корпорацияға кері қайтарылады. Тиісті уəкілетті органға қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданған өтініштерді жеткізуді жəне кері қайтаруды аталған өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес жүзеге асырады. Алдын ала, дайын құжаттарды бергенге дейін Мемлекеттік корпорация мен уəкілетті орган берілетін құжаттардың тізілімін құрайды, онда тізімін алғанда берілетін құжаттар туралы толық ақпарат жинақталады.

34. Тізімнің екі дана қосымшасымен қағаз/электрондық тасығышта ресімделген, беруге дайын құжаттар тиісті уəкілетті органға курьерлік, пошта байланысы жəне (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тəуліктер кешіктірмей жеткізіледі. Қолхатқа сəйкес келесі жұмыс күні берілетін құжаттар кешкі поштамен немесе бұрын келеді. 35. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижелерін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері тиісті уəкілетті органдармен ұсынылатын тізілімге сəйкес құжаттардың толықтығын тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттардың бар болған жағдайда, ғана алғандығы туралы белгісімен уəкілетті органға қайтарылады. Құжаттар тізімге сəйкес келмеген жағдайда, уəкілетті органға қабылдаудан бас тарту туралы актісі қоса беріліп қайтарылады. 36. Қандай да бір себептер бойынша тиісті мемлекеттік органдар орындаудан бас тартқан көрсетілетін қызметті берушілердің өтініштері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен кері қайтарылады.

37. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен тиісті уəкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен ай сайынғы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны жəне сапасы бойынша жүргізілген салыстырулар жүргізіледі, олардың нəтижелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есептер жасалады. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп тиісті уəкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету саны мен сапасы бойынша жүргізілген салыстыру нəтижелері бойынша акты есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін жасалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық атқарушы органдармен салыстыру актілері Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратымен жасалады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13248 болып енгізілді.