Азаматтарымызға реформалардың мән-мағынасын түсіндіру өте маңызды - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі реформалардың мәні мен мағынасын азаматтарымызға түсіндіру өте маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен мағынасын азаматтарымызға түсіндіру өте маңызды. Ассамблея форматында жұмыс істейтіндердің барлығын бұл процеске қосылып, Жаңа Қазақстанның идеалдары мен құндылықтарының белсенді жетекшісі болуға шақырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалған Тауфик Каримов пен Наталья Дементьеваға жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар бұған дейін орынбасар болған М.Бекбаева мен З.Кузиевке атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.