Төрт және үш мәрте қарғып секіруді жетік меңгерген 17 жастағы Самоделкина мамыр айында Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан жарысқа қатысуға сырттай жолдама алған.
«Мен Қазақстан әнұранының мәтінін үйренуді бастадым. Қазақша сөздерді дұрыс айта алатыныма сенімді емеспін, бірақ барымды саламын», — деді Самоделкина.
Айта кетейік, бұған дейін Софья 15-18 шілде аралығында Қарағандыда өтетін ел чемпионатында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ретінде алғаш рет өнер көрсететіні белгілі болған еді.