«Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдардың ішінде тек аккредиттелген тұлғалар ғана вакцина ала алады. Яғни, дипломталиялық корпус қызметкерлері ғана. Қалған резидент емес тұлғалар туралы мәселе ведомтвоаралық комиссияда қаралды. Резидент еместердің жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, екпе төлқұжатын жасау қиын. Мәселе шешіліп жатыр. Жуық арада нақты шешім шығады деп ойлаймын», - деді басқарма басшысы әкімдікте өткен дөңгелек үстелде.
Осы шарада елорданың «қызыл» аймақтан неліктен шыға алмай отырғаны да айтылды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің аутынша, сәуір айының басынан бері елордада 100 мыңнан астам адам вакцина алып үргерген.