келесі жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты жағдайды бағалап отыратын болады.
«Ашық та әділ сайлау өткізу Қазақстандағы демократиялық үдерістердің дамып келе жатқандығының жарқын көрсеткіші. Біздіңше,
Сайлау еліміздің азаматтарының еркін таңдау жасауына берілген ең басты мүмкіндік. Сондай-ақ бұл қоғам өкілдерінің көңіл-күйінің индикаторы іспеттес. Біздіңше азаматтық қоғам елдегі сайлаулардан тыс қалмаулары керек. Осыдан болу керек соңғы уақытта азаматтық институттар мемлекет атқарып жатқан істерге бағалау жұмыстары мен әлеуметтік зертеулерге көптеп атсалысуда»,- дейді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атқарушы директоры Алина Хаматдинова.
Оның айтуынша, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін іргелі ұжым болып табылады. «Осыған қарай біз алдағы олатын сайлаулар барысындағы зерттеу, бағалау жұмыстарына да қатысамыз деген ойдамыз. Яғни біз дауыс беру күні «Екзит пул» шарасын ұйымдастырамыз. Сонымен қатар біз осы сайлауда қалың көпшіліктің электроралды кезеңге деген және олардың осы сайлаумен байланысты өзге де бірқатар мәселелер бойынша көңіл-күйінің де жағдайын біліп отырсақ деген ойдамыз. Бұл іске біз бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдерін тартып отырмыз. Бұл міне, 16 жылдан астам уақыт бойы елімізде түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан ұйымдардың бірі»,-деді атқарушы директор.