Жүйені құрудың негізгі мақсаты - орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер туралы толық кадрлық ақпаратты «онлайн» режімде алу болып табылады.
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының 2017 жылғы 26 қаңтардағы №17-108 тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың «Е-қызмет» жүйесін пайдалану арқылы құжат айналымының жай-күйіне талдау жүргізді.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бір мемлекеттік қызметшіге автоматты режімде әзірленген құжаттар бөлігінде барлық министрліктердің комитеттері арасында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 1 орынды иеленді.
Алдағы уақытта «Е-қызмет» жүйесін конкурстарды, персоналды басқаруды бағалауды, сондай-ақ Комитеттің кадр қызметінің басқа процедураларында «онлайн» режимде пайдалану жоспарланып отыр.