2018 жылдың 22 маусымында Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Докучаевский ауылдық округінің маңында «Фауна Эйр» ЖШС-нің Ан-2 UP-A0316 әуе кемесінде болған авиациялық оқиға фактілерін жасыру бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Азаматтық авиация комитеті ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментімен бірлесіп жүргізген қылмыстық іс статусын қосымша қарау кезінде «Фауна Эйр» ЖШС-нің авиациялық жұмыстарды орындау құқығын беретін куәліктің қызметін тоқтатты», - деп хабарлады ААК-дан.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың шілде айында Қостанай облысында «Фауна Эйр» әуе компаниясының аймақта авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын барлық Ан-2 әуе кемелерінің пайдаланылуына тыйым салынған. Олар заңсыз әуе кемесін пайдалануда күдікті танылған.
Автор: Жанна Мұсабаева