Бұл туралы ККМ баспасөз қызметінен хабарланды. Олардың себептері анықталып, сонымен бірге авиакомпанияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты жаппай тексеріс жүргізіледі.
Еске сала кетсек, «Скат» авиакомпаниясының «Боинг-737» ұшағы 7 сәуірде Шымкенттен Астанаға ұшу барысында алдыңғы шассиінің істен шығуына байланысты Астананың әуежайына апаттық жағдайда қонуына тура келген. Ұшқыштардың, әуежай және Азаматтық авиация комитеті Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында әуе кемесі сәтті қонды: борттағы барлық 94 адамның (5 экипаж мүшесі және 89 жолаушы) ешқайсысы зардап шеккен жоқ.