Мұндай курстар Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты мемлекеттік авиациялық инспекторлар жұмысының тиімділігін арттыру. Оқыту барысында азаматтық авиация кәсіпорында аудит өткізу, сонымен бірге тиісті құжаттарды жүргізу үйретіледі.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметовтің хабарлауынша таяу уақытта инспекторлар тағы да жалпылама және бейінді мамандықтар бойынша курстардан өтуі қажет, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.