Азаматтық авиация саласында 2020 жылға қарай 15 әуежайды ИКАО талаптарына енгізу жоспарланып отыр

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әуе тасымалында транзиттік көлемді және халықаралық әуе қатынастарын екі еседен астам көрсеткішке арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Әбілғазы Құсайынов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтық авиация саласында 2020 жылға қарай 15 әуежайды ИКАО талаптарына сай келтіру жоспарлануда. Бүгінде бұл көрсеткіш 10-ға жетіп отыр»,-деді министр.

Ә. Құсайынов әуе тасымалында бәсекелестік нарығы қалыптастырылып, транзиттік тасымал көлемі мен халықаралық әуе қатынастары санын екі еседен астам арттыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Мұнымен қоса, жиын барысында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Әдимолда бұл салада білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі тұрғысында тиісті шараларды атқару керектігін айтып өтті.