Құжатқа сәйкес, әуе тасымалы барысында жолаушы қайтыс болған немесе дене жарақатын алған жағдайда келтiрiлген зияны үшiн, оны қайтыс болуына немесе дене жарақатын алуына себеп болған әуе кемесiнiң бортында немесе қону, түсiру бойынша кез келген операциялар кезiнде орын алған жағдайларға ғана авиатасымалдаушы жауапты болады.
Сонымен қатар, тiркелген багаж жойылған, жоғалған немесе бүлiнген жағдайда келтiрiлген зияны үшiн, авиатасымалдаушының күзетiнде болған кез келген кезең iшiнде болған жағдайларда ғана авиатасымалдаушы жауапты болады. Авиатасымалдаушы жолаушыларды, багажды немесе жүктi әуе арқылы тасымалдау кезiнде оның кешiгуi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады. Бiрақ, егер ол және оның қызметкерлерi және агенттерi зиянды болдырмау үшiн барлық мүмкiн болатын ақылға қонымды қажеттi шараларды қолданғанын немесе осындай шараларды қолдануы мүмкiн болмағандығын дәлелдесе, ол кешiгу салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты болмайды. Ал авиатасымалдаушылар аталған Конвенция бойынша өздерiнiң жауаптылығын тиiсiнше сақтандыруды қамтасыз етудi талап ете алады. Авиатасымалдаушы ұшып баратын қатысушы мемлекет авиатасымалдаушыдан осы конвенция бойынша өзiнiң жауаптылығын тиiсiнше сақтандырудың қамтамасыз етiлгенiн дәлелдеудi талап ете алады. Комитет депутаттары заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.