Азаматтық қоғам құру туралы конфереция болады
22:37, 03 Шілде 2012
АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Астанада 10-12 шілде күндері «Азаматтық қоғамды құру» деген тақырыпта конференция өтеді.
Оны Халықаралық зерттеулер мен алмасу жөніндегі кеңестің қолдауымен Бітірушілердің астаналық қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Бұл шараға қоғамдық, халықаралық ұйымдардың, білім беру мен кітапхана мекемелері және БАҚ өкілдері қатыспақ. Конференция кезінде сондай-ақ, 11-12 шілде күндері Назарбаев университеті мен Ұлттық академиялық кітапханада кітапхана ісі және ақпараттық сауаттылық, қаржылық менеджмент және фанрейзинг бойынша тренингтер өтеді. Оның жаттықтырушылары АҚШ-тың Иллинойс университетінің профессоры Сизан Шнуэр мен Омахедегі Нербаска университетінің профессоры Кеннет Криз. Тренингке үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық бірлестіктер, білім беру ұйымдары мен кітапхана мекемелерінің өкілдері шақырылып отыр.