Оның айтуынша, достары, ағайын-туыстары, өзім жетекшілік ететін азаматтық қоғамның белсенділері - бәрі-бәрі осы үндеуді қолдады.
«Қазір көп жерде дағдарыстар, қақтығыстар орын алып жатыр. Бізге қазір тұрақтылық керек. Алдымызда тұрған үлкен жоспарларымызды аяғына дейін жеткізуіміз қажет. Ал мұның елімізге Президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасаған жағдайда ғана жүзеге асуы ықтимал екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан азаматтық қоғамның өкілдері де, барша қазақстандықтар секілді, Нұрсұлтан Әбішұлының үстіміздегі жылдың 26 сәуіріне белгіленген президенттік сайлауға қатысқанын қалайды», - дейді Н.Ерімбетов.