Азаматтық қоғамның бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік немесе қоғамдық қор құру қажет - IV Азаматтық форум

sp;АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елімізде азаматтық қоғамның бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік немесе қоғамдық қор құру қажет.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мемлекеттік хатшының айтуынша, аталмыш қор мемлекет пен жеке сектордың әріптестік қатынастарын жүзеге асыратын орган және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың бірыңғай операторы болуы қажет. «Ал үкіметттік емес ұйымдардың грант негізінде қаржыландырылуы тиіс жобаларын қарау шарасы Азаматтық альянс пен Парламент депутаттарының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылғаны  жөн болар еді. Қаржыландыру жұмыстары еліміздің үш жылдық бюджет жобасы негізінде ұзақ мерзімге бағытталғаны тиімді», деді Қ.Саудабаев.