Азаматтық қорғаныс күні: Алматылық оқушылар құтқарушылардың жұмысымен танысты
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді.
Биы алматылық құтқарушылар Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін техниканы көрсетумен атап өтті.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті «Алматы қаласының құтқару қызметі» және ҚР ТЖМ бөлімшелерімен бірге «Құтқарушылар» аллеясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде өрт сөндіру бөлімшелері 20 бірліктен астам өрт-техникалық мүлігі мен жабдығын және авариялық-құтқару техникасының тәжірибелік көрсетілімін ұйымдастырды.
Алматы қаласының тұрғындары мен оқаушыларына азаматтық қорғау органдарының төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді орындау кезінде қолданылатын қазіргі заманғы өрт сөндіру және арнайы техникасын көрсетті.
Қызығушылық танытқандарға өрт сөндіру көлігіне отыруға, авариялық-құтқару құрал- жабдықтарын көруге, жылдам әрекет ететін мотоцикл экпипаждарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын білуге, тіпті естелік суретке түсуге мүмкіндік берілді.
Өрт сөндірушілер, құтқарушылар барлық келушілерге техниканың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Келген қонақтардың 18 қабатты үй секілді биіктіктен адамдарды құтқара алатын өрт сөндрі көпиінді сатысына мініп қаланы жоғарыдан көруге мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар халыққа және оқұшыларға жылжымалы платформадағы ерекше тренажер – жер сілкіністерінің симуляторы ұсынылды.
Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік сабағын өткізді: онда 5 балға дейінгі көлденең және тікшіл келген жер дүмпулерін қолдан жасайтын тренажерді көрсетті.
Әрі қарай оқушылар арасында спорттық сайыстар өткізілді (жылдамдыққа арналған өрт сөндірушілердің киім-кешегін кию, арқан тарту, белтемірге тартылу, қырлы тренажерда жаттығулар);
Еске салайық, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылдан бастап 1 наурызды Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні етіп бекітті.
Қазақстан Республикасы 1996 жылы ХАҚҰ мүшелігіне кіріп, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелерін шешу бойынша халықаралық деңгейде белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырады.