«Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік апаттардан қорғау мәселесіне айрықша назар аударылатын болады. Өкінішке орай, ол тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде жиі құбылысқа айналды», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің атап өтуінше, бұл салада кәсіби кадрлар жұмыс істеуі тиіс.
«Үкіметке Ішкі істер министрлігінің реформалауға бөлінетін қаражат аясында азаматтық қорғаныс қызметшілерінің жалақысын арттыруды және бұл мақсатқа шамамен 40 млрд теңге бағыттауды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.