Көкшетау қаласының тұрғыны, 26 жастағы әйел полицияға хабарласып, «күйеуінің» үстінен арыз түсірген.
«Жедел іздестру шарасы барысында 30 жастағы көкшетаулық қолға түсті. Кейін анықталғандай, ол қызғаныштан 26 жастағы әйелді наурыздың 26-28 күндері аралығында өздері бірге тұратын пәтерде ұрып-соғып, қамауда ұстаған.
Қазіргі кезде, күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынып, ҚР ҚК 126-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қоғалды», деп көрсетілген хабарламада.
18:07, 29 Наурыз 2016
Азаматтық некедегі әйелін екі күн ұрып-соққан көкшетаулықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелді екі күн бойы ұрып-соғып, үйінен шығармай қойған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.