Азаматтық талап-арыздарынан бас тартқан Жаңаөзендегі зардап шегушілер өздерінің пікірлерін өзгертуі мүмкіндігі жоққа шығарылмайды - Н.Сүйіндіков

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Жаппай тәртіпсіздік қатысушыларына азаматтық талап-арыздарынан бас тартқан Жаңаөзендегі зардап шегушілер, алдағы уақытта осыған ұқсас талап-арыздарды беру құқығынан айырылады.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.

«Қылмыстық іс аясында азаматтық талап-арыздарынан бас тартқан бұл зардап шегушілер азаматтық сот өндірісі тәртібінде осыған ұқсас талап-арыздарды беру  құқығынан айырылады. Мұнда мен түсіндіріп өтуім керек, біздің заңнамамыздың талабына сәйкес, егер азамат қылмыстық сот өндірісі аясында азаматтық талап-арызынан өз еркімен бас тартса, бұл тұлғаны азаматтық сот өндірісі тәртібінде осыған ұқсас талап-арызды білдіру құқығынан айырады», - деді Н.Сүйіндіқов.

Бас прокуратура ресми өкілінің сөзіне қарағанда, әңгіме жекелеген жәбірленушілердің заңнамамен бекітілген шараларды қолданып, өздеріне келтірілген шығынды тікелей кінәлілерден өндіріп алудан бас тартуында болып отыр.  «Іске бұл жағынан алып қарағанда, егер адам заң бойынша әрекет етуге бас тартып жатса, мемлекет мұндай азаматтарға қолғабыс етіп, шығындарды өндіруге баламалы нұсқаларды іздеп табуға міндетті ме деген сұрақ туындайды. Менің білуімше, сот бас тарту фактілері бойынша тиісті процессуалдық шешім шығарған жоқ. Бұл бас тартудың заңды салдарын түсіндіргеннен кейін, жекелеген жәбірленушілер өз пікірлерін өзгерту мүмкіндігі жоққа шығарылмайды», - деп атап өтті Н.Сүйіндіков.