Ол бойынша қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданып, оның құрамына депутаттар сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған құжат экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау кезінде Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіруге бағытталады. Сонымен бірге заң жобасы жеке меншік институттармен келісімшарттық қатынастарды барынша нығайтуды көздейді. Мәселен, осындай институттармен келісімшарттық қатынастарды нығайту мақсатында құжат бойынша мәміле жарамсыздығына, кепілдік жарна институтын енгізуге, көлік құралын экипажсыз жалдау шартына қатысты біршама өзгерістер енгізіледі.
Бұдан бөлек заң жобасымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған нормалар қамтылып отыр. Заңды тұлғаның жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған түзетулер де енгізілген. Жалпы алғанда жобаға сәйкес қолданыстағы 26 заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Сенаторлар заң жобасына 17 түзету енгізген болатын. Ал Мәжіліс оның 4-еуі бойынша өз ұстанымдарын қорғап шықпақ. Осыған орай келісім комиссиясы құрылып, оның құрамына депутат С. Оспанов, С. Темірболатов және Н. Турецкийлер сайланды.
12:24, 03 Қараша 2010
Азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы келісім комиссиясында талқыланатын болады
АНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжлісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қарады.