Бұдан бұрын Жанар Ізбасар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаптағанын айтқан болатын.
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов: «Жанар Ізбасардың 2017 жылы 3 қарашада жарияланған жазбасында көрсетілген мәліметтеріне қатысты арызы облыстық прокуратураның СДТТБТ-не ҚР 146-бабы 2-бөлімі 1 және 3 тармақшаларымен тіркелді», - деп атап өтті.
Қазіргі таңда арнайы прокурорлармен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық істің барысы ерекше бақылауға алынды.