«Қаңтар оқиға кезінде азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз, арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданған», - деді ол Бас прокуратураның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол 31 қызметкердің қандай ведомстволарда жұмыс істейтіндігін атады.
«Олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Яғни, қазір 2 ведомствоның қызметкерлері жауапқа тартылып жатыр», - деді Ризабек Ожаров.