Онда азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту мәселелері талқыланатын болады.
Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы да өтеді. Үкімет ұсынған аталған заң жобасын Мәжіліс бүгінгі отырысында өндіріске алған болатын.
Бұдан бөлек, жиын барысында «Халықаралық түрмелік реформа» ХҚҰ Орталық Азиядағы өкілдігінің сарапшыларымен дайындалған «Мәжбүрлеп ұстау орындарында адам құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау туралы» заңдардың жобаларының тұсау кесері көзделіп отыр.