Біздің радионың осы елдерге тарауы осы мемлекеттердегі жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдарының бастамаларына тежеу болуда», - деді аталмыш радиоарнаның өкілі бүгін Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында.
Оның сөзіне қарағанда, «Азат Еуропа» өзі тарайтын елдердегі журналистердің жағдайына, сөз бостандығына алаңдайды және тілшілердің өміріне зардабын тигізгендерді іздеп, тауып жазалаған елдерді қолдайды. «Біз қандай да бір қудалауға ұшыраған журналистердің тағдырына қашанда алаңдаулымыз», - деді радио өкілі.
Оның айтуынша, «Азат Еуропа» радиосын тарататын ұжымдарға ықпал ету әрекеттерінің арасында, әсіресе саяси тұрғыда қорқытып-үркіту жағдайлары көп орын алады. «Ресейде 2004 жылы біздің радионы 30 арна таратқан болса, бүгінде олардың саны небәрі үшеу», деді радио өкілі.