«Негізі біздің Мәжіліске ұсынатын тізімімізде 54 үміткер бар. 54 үміткердің ішінде заңның талабы бойынша, 18 адам, яғни, кандидаттардың 33,3 пайызы - әйел әріптестеріміз, жастар және кемтар азаматтар», - деді ол.
Оның айтуына қарағанда, бүгін ОСК тіркеген тізімде бұған дейін «Ақ жол» ҚДП атынан V, VI, VII шақырылымда болған депутаттар да бар.
«Қазір нақты айта алмаймын, бірақ тізімдегі 20-дан астам адам жергілікті филиал басшылары мен өкілдерінен іріктелді. Жаңадан келіп қосылған үзеңгілестер бар. Шамамен өзгергені 60 пайыздан кем емес. Тізімдегілердің 60 пайыздан астамы – жаңа азаматтар», - деді Азат Перуашев.
Еске салайық, бүгін ОСК «Ақ жолдың» және ЖСДП-ның Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді.