Азат Сарпеков Атом энергиясы жөніндегі агенттік аппараты басшысының міндетін атқарады

Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM - Азат Сарпеков ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Азат Толқынұлы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Аппарат басшысының міндетін атқарушы қызметіне кірісті.

Еңбек жолын 2009 жылы Семей қаласындағы «Электротехника колледжінде» өндірістік оқу шебері ретінде бастаған Азат Толқынұлы кейін аталған оқу орнында шеберхана меңгерушісі, директордың орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылы ол «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Одан кейін «Теплокоммунэнерго» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры ретінде коммуналдық секторда еңбек етті.

2022-2023 жылдары Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары ретінде қалалық басқару жүйесінде жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Айта кетейік, Гүлзат Көбенова ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды.