Азат Тимурұлы 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2003-2015 жылдар аралығында «Астана» хоккей клубының құрамында шабуылшы ретінде ойнады. 2015-2016 жылдары Канададағы Hill Academy-де оқыды. 2016-2018 жыл аралығында Торонтода GМHL хоккей лигасында өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, GМHL хоккей лигасы - 10 жылы бұрын Канадада құрылған тәуелсіз жасөспірімдер лигасы. Ол әлем елдеріндегі 15-21 жас аралығындағы хоккейшілер арасында хоккейді жоғары деңгейге жеткізу және ілгерлетуді мақсат тұтады.