«Қазіргі уақытта әкімдік, прокуратура, ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдарының жоспарлы жұмысының нәтижесі бойынша, тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның аясында күрделі нысандардың саны тек соңғы жылда 67-ден 52-ге азайды», - делінген хабарламада.
Ведомствоаралық комиссияның мүшелері заң аясында нысандардың құрылысын аяқтауға септігін тигізу үшін мәмілегерлік жүргізілуде.
Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 44 ТҚК жұмыс істейді, оның ішінде ТҚК-де нысандарды және жер учаскесін беру жөнінде 18 нысан бойынша соттың шешімі бар.
Ведомствоаралық комиссия атқарып отырған жұмыстың аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам нысанда тұру үшін баспананы заңсыз пайдалануға беру оқиғалары анықталды, бұл тұрғыда баспананы салушыларға қатысты шара қабылдау үшін құқыққорғау органдарына арыз берілді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша, 2016-2017 жылдары 25 алаяқ құрылыс салушыға қатысты кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу және алаяқтық фактілері бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жүргізушілердің активтері құрылысты аяқтау үшін үлескерлерге өтті.
«Азбука жилья» АҚ-ның 9 күрделі нысаны бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС-ның басқарма компаниясына активтерді беру аяқталды. Қазіргі уақытта «Орда Инжиниринг» ЖШС тұрғын-үй кешендерінің құрылысын қайта қалпына келтірді.
Сот «Тамыз Инвест Групп», «Төленді» «Номад Құрылыс-ЭК» және т.б. құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істерді қарастыруда.
Қала әкімдігінде Бас прокуратура, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Құрылысшылар қауымдастығы, қалалық құқыққорғау органдары және кепілдендірілген тұрғын-үй құрылыс қорының өкілдері қатысқан құрылыс компаниясының 150 басшысымен кездесу өтті. Кездесу барысында әкімдік пен тұрғын-үй құрылысы қорының тарапынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз салынған баспананы пайдалануға беруде туындайтын қылмыстық жауапкершілік жөнінде айтылды.
«Тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде» Заңына сәйкес, баспананы сату жөнінде жарнаманы үлескерлерді тартуда әкімдіктен рұқсат алған немесе кепілдендіру қорымен келісімшарт жасасқан құрылыс жүргізген компания ғана бере алады.
Бүгінде 7 компания рұқсат алған.