Албания ұлттық құрамасы алдағы халықаралық үзілісте Италия мен Босния және Герцеговина футболшыларымен кездеседі. «Скуадра адзурра» футболшыларымен әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында жолықса, босниялықтармен жолдастық кездесу өткізеді.
Албандардың бас бапкері Джанни де Бьязи Луллакуды бірінші минуттардан бастап алаңға шығаруы бек мүмкін. Шабуылшы ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылы өткізіп, 2 рет алаңға шығып үлгерген.
Албаниялықтан бөлек, Станимир Стойлов командасынан Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Роман Мұртазаев (Қазақстан), Геворг Наджарян, Дидар Жалмұқан (Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы), Игорь Шитов, Иван Маевский (Беларусь), Джуниор Кабананга (Конго Демократиялық Республикасы) және Неманья Максимович (Сербия жастар құрамасы) секілді 11 футболшы ұлттық құрамаларына шақырту алған болатын, деп жазадыdodasport.kz .