Белгілі болғандай, тиісті келісім әзербайжандық AzerTelecom операторы мен армениялық Telecom Armenia компаниясы арасында жасалған.
Қол жеткізілген уағдаластық аясында Әзербайжан тарапы өз инфрақұрылымын пайдалана отырып, интернет-трафик транзитін қамтамасыз етеді.
Келісім өңірлік байланыс бағыттарын әртараптандыруға, телекоммуникациялық желілердің тұрақтылығын арттыруға және Оңтүстік Кавказдағы цифрлық байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қол жеткізілген уағдаластық 2025 жылғы тамызда екі ел қол қойған бірлескен декларациядан кейінгі өзара ықпалдастықты кеңейту жолындағы нақты қадам ретінде бағаланып отыр. Аталған құжат екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен қарым-қатынасты біртіндеп қалыпқа келтіруді көздейді.
Бұған дейін Никол Пашинян Әзербайжанмен арадағы ілгерілеуге оң баға берген еді.
Қаңтар айында Әзербайжан Арменияға мұнай өнімдерінің кезекті партиясын жөнелткен.
Осыған дейін Пашинян Әзербайжанмен ілгерілеуді тарихи кезең деп атаған болатын.