Осы жобаның арқасында саладағы жаңа технологияларды пайдалана отырып, өндіріс жанданады. Компания жобаны екі жылдан бері дайындаған.
Нарықты зерттеу бұл – өңірдегі осындай алғашқы өндіріс болатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы Әзербайжан әлем нарығына шығып қана қоймай, жоғары технологиялы авиация өнімін өндіруші ретінде ел имиджін көтереді.
Жобаны жүзеге асыруға қажет құжаттар рұқсат пен сертификат алу үшін мемлекеттік органдарға жіберілді.