Әзербайжан банкі есептік мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
10:28, 02 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан орталық банкі есептік мөлшерлемесін 15 пайыздық деңгейінде сақтап қалды. Аталған шешім сейсенбі күні Орталық банк басқармасы отырысында қабылданды, деп жазады trend.az.
Сондай-ақ ӘОБ басқармасы пайыздық дәліздің төменгі шегін 10, жоғарғы шегін 18 пайыздық деңгейде қалдыруды шешті.
Банк бұл шешімді валюта нарығы мен манат бағамын тұрақты сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сауда теңгерімінің жақсаруымен түсіндірді.
«2017 жылдың бірінші жартысында экспорт былтырғы жылдың қаңтар-маусым айларында көрсеткішпен салыстырғанда 36,5 пайызға өскен. Дәл осы кезеңде мұнай емес экспорты 27,9 пайызға өсіп, импорт 15,7 пайызға кеміген. Қаңтар-маусым айларындағы сыртқы сауда теңгерімінің профициті 1,9 миллиард долларды құрады», - делінген банк хабарламасында.