Әзербайжан байқаушысы: Гүлденген Қазақстан үшін бұл сайлау - демократияға қарай тағы бір қадам ілгерілеушілік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Орталық сайлау комисиясы өз жұмыстары барысында кәсібилік танытты. Бұл пікірді бүгін Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі Рашид Юсифбейли білдірді.

«Біз Астана қаласындағы учаскелерде дауыс беру барысын байқадық. Ашылуында да болдық, күні бойы түрлі учаскелердегі дауыс беру барысын бақыладық. Учаскелердің жабылуына да куә болып, дауыстарды санау барысын көрдік. Толықтай алғанда, біз сайлаудың өте ұйымшылдықпен өткенін, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өз жұмыстарында кәсібилік танытқандығын айта аламыз», - деді ол.

Сонымен қатар әзербайжандық байқаушы дауыс беру барысы тыныш әрі еш оқыс жайттарсыз өткендігін баса айтты.

«Біз сайлаушылардың қалауы ескерілгендігін көрдік. Біздіңше, гүлденген Қазақстан үшін бұл сайлау демократияға қарай тағы бір қадам болды», - деді Р.Юсифбейли.