Сонымен бірге бұл күн егер сенбі не жексенбіге сәйкес келмесе жұмыс күні болып саналады әрі мемлекеттік мереке емес. Дегенмен, аталып өтуі жағынан басқа да мейрамдардан бірде-бір кемдігі жоқ. Гейдар Әлиевтің туған күнінде Бакуде жылсайынғы «Гүлдер мерекесін» өткізу дәстүрге айналған.
Бұған қоса, еске қаларлық датаның алдында, әдетте 2 апта бұрын Бакуде және елдің басқа да өңірлерінде «Гейдар Әлиев мектебі» дәстүрлі сабақтары мен тақырыптық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Әзербайжан Республикасының білім министрі жалпы білім беретін оқу орындарында жыл сайын 10 мамырда жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметіне арналған тақырыптық сабақтар өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. Оған қоса аталған сабақтар оқу күнінің басында да өткізілуі тиіс.
Бұдан бөлек мемлекеттік мекемелердің еңбек ұжымдарының және республикадағы барлық ұйымдардың өкілдеріне Гейдар Әлиевтің мұражай мектептерінде, билеуші «Ени Әзербайжан» партиясы бөлімшелерінің не болмаса жоғарыда аталған ұйымдардың мәжіліс залдарында Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметіне, оның мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға қосқан үлесін бағалауға арналған дәріс өткізіледі.
Аталған шаралар партиялық ұйымдар басшыларының, қоғамдық белсенділердің, парламент депутаттарының, мемлекеттік құрылымдардың басшылық құрамдары өкілдерінің, ғалымдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысумен өткізіледі.
Атаулы күн қарсаңында Гейдар Әлиевке арнаған салтанатты іс-шара болады. Оған мемлекет, парламент басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, зиялы қауымның көрнекті өкілдері қатысады. Бұл іс-шараның басты оқиғасы ел президентінің сөз сөйлеуі болып табылады. Алқалы жиынның аяқталуына орай мерекелік концерт қойылады.
Мерекеге бір күн қалғанда бүкіл елде сенбілік өтіп, ағаш отырғызылады, көшелер мен аулалар абаттандырылады. Өйткені мұндай іс-шараларға Гейдар Әлиев зор көңіл бөлген болатын. Сондықтан да оны есте қалдыру мақсатында елдің көптеген қалаларында саябақтар жасалған, олардың барлығын да халық Гейдар саябағы деп атайды.
Аталған іс-шаралардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етіледі.
Аталып өтілетін мерекенің ең басты негізгі шарты Гейдар Әлиевтің монументіне гүл себетін қою рәсімі болып табылады. Сонымен қатар Бакудегі құрметпен жерлеу аллеясындағы Гейдар Әлиевтің қабіріне де гүлдестесі қойылады. Бұл шараға президенттен бастап елдің барлық саяси басшылығы, сонымен қатар Гейдар Әлиев отбасының мүшелері де қатысады.
Айта кетерлігі, Әзербайжанның шет елдердегі елшіліктері сол мемлекеттердегі диаспоралық ұйымдардың белсенді қатысуымен өз отандарының аумағынан тысқары жерлерде де бұл күнді кеңінен атап өтеді. Бұл ретте ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға, сонымен қатар Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметі байланысты болған өңірлерге баса екпін беріледі.
Бакуде және республиканың барлық өңірлерінде концерттер ұйымдастырылып, көбінесе жалпыұлттық көшбасшының есімімен аталатын саябақтарда танымал әншілердің, республиканың жетекші шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жалпыхалықтық сауық-сайран өткізіледі.
Бұл атаулы күннің шарықтау шегі дәстүрі түрде Бакудегі Гейдар Әлиев саябағында болатын «Гүлдер мерекесімен» жалғасады. «Гүлдер мерекесімен» байланысты өтетін іс-шара үшін Бакуге Голландия, Италия, Франция және Германиядан гүлдердің көптеген түрі жеткізіледі.
Гүлдерден түрлі көркемдік композициялар жасалады. Бұл іспен жергілікті дизайнерлермен бірге Германия, Голландия, Францияның және басқа да мемлекеттердің мамандары айналысады. Мерекенің міндетті шарты - түрлі сұрыптағы әрі түстегі гүлдерден Гейдар Әлиевтің флористикалық бейнесін жасау.
Бұл шара 10 мамыр күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін Гейдар Әлиев атындағы сарайдың алдындағы саябақта өткізіледі, ал 21:00-де Ұлттық саябақта әдетте мерекелік концерт ұйымдастырылады. Оны жергілікті атқарушы билік пен Гейдар Әлиев негізін қалап, басшылық жасаған «Ени Әзербайжан» билік партиясы, сонымен қатар Гейдар Әлиев қоры ұйымдастырады.