Әзербайжан Ереванда өтетін Евронесттің пленарлық отырысына қатысудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан 2015 жылдың 16-20 наурыз күндері Ереванда өтетін Евронесттің пленарлық отырысына қатысудан бас тартты, деп хабарлады trend.az агенттігі.

Әзербайжан делегациясының басшысы Эльхан Сулеймановтың айтуынша, былтыр Киев қаласында өткен Евронест Парламенті Ассамблеясында Әзербайжан делегациясы келесі отырыстың Ереванда өтуіне қарсылық танытқан болатын.

«Әзербайжан жері азат етілмейінше, Сарсанг суқоймасындағы гуманитарлық қатер тоқтатылмайынша Әзербайжан делегациясы Ереванда өтетін жиынға қатыспайды деп мәлімдегенмін», - деді Сулейманов.

Оның айтуынша, 16 қазан күні Брюссельде өткен бюро отырысында осы мәселеге байланысты Әзербайжанның қарсылық хаты да жолданды.