Әзербайжан есірткіге байланысты айыпталған Қазақстан азаматын экстрадициялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзербайжаннан Қазақстан Республикасының азаматы Ариф Ахмедовті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобы құрамында өткізу мақсатымен аса ірі көлемде есірткі заттарын сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталған. 

А.Ахмедовті беру туралы шешімді Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша биыл шілде айында Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдады.

Ахмедов Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.