Әзербайжан Гран-приі 2018 жылғы «Формула 1» жарысының үздік кезеңі атанды

БАКУ. ҚазАқпарат - Twitter-дегі Формула 1-дің ресми парақшасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, Әзербайжанның Гран-приі 2018 жылғы Формула 1-дің үздік кезеңі атанды, деп хабарлайды trend.az.

Қатысушылардың 62 % Әзербайжанның Гран-приіне дауыс берген. Ұлыбританияның Гран-приі 38 % дауыспен екінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, үстіміздегі жылғы 27-29 сәуірде Бакуде Формула 1 Әзербайжан Гран-приінің жарысы өткен. Гран-при аясында Формула 2 бәсекесі де болған-ды.

Біріншілік үшін сайысқа түскен командалардың әрқайсысын екі пилот таныстырды. Олар сынға түскен жарыс жолының ұзақтығы алты шақырымды құрады.

Тректің ең ірі бөлігі 13 метр болды, ал Ичришехер айналасындағы ең тар тректің жетінші және сегізінші айналымдары - 7,6 метрді құрады.

Старт және финиш  «Азадлыг» аумағында болды.