Әзербайжан халқының саны жыл басынан бері 0,14%-ға өсті
АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың басынан бері Әзербайжан халқының саны 14 205 адамға (0,14%) өсті, деп хабарлайды Oxu.az мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасап.
1 маусымдағы жағдай бойынша елдегі тұрақты тұрғындар саны 10 миллион 239 мың 94 адамды құрады.
Республика халқының 54,4%-ы қалада, 45,6%-ы ауылда тұрады, халықтың 49,8%-ы — ерлер, 50,2%-ы — әйелдер.
Еске сала кетейік, Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Сондай-ақ 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жетеді.
Астана көші-қон сальдосы бойынша еліміздің басқа қалалары мен өңірлерімен салыстырғанда бірінші орында тұр. «Еңбек ресурстарын дамыту» АҚ сарапшыларының болжамынша, 2050 жылы елорда тұрғындарының 47 пайызын көшіп келушілер құрайтын болады.