АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, ӘКОК V съезінің өкілдері президент Илхам Әлиевке алдағы сайлауда оның үміткерлігін ұсынуға келісім беруі туралы өтініш білдірген.
Еске сала кетсек, 5 ақпан күні президент Илхам Әлиев «Әзербайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын жариялау туралы» өкімге қол қойды.