«Мемлекеттік мұнай компаниясы Қазақстан, Түркіменстан, Ресей мен Иран шекара қызметіне апат салдарынан қаза тапқан адамдардың денесі олардың аймағына шығып кеткен жағдайда қол ұшын созуды сұрады», - деді ол. Мамедовтің сөзіне қарағанда, қатты ағыс пен толқын адамдардың денесін басқа жаққа ағызып алып кетуі мүмкін.
Компанияның вице-президенті сонымен бірге қазіргі кезде 29 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында екенін айтты. Оларды іздеуге Мемлекеттік шекара қызметінің үш тікұшағы мен ТЖМ 4 тікұшағы жіберілді. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Этибар Мирзоевтың айтуына қарағанда, іздеу-құтқару жұмыстарына 15 кеме жұмылдарылған, оның екеуі сүңгуір.