Бейсенбі күні таңертең Каспий теңізіндегі №3 мұнай жинау бөлімшесіндегі ұзындығы 150 метр болатын эстакада бөлігі құлап, 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Жоғалған мұнайшылардың аты-жөні анықталды. «Іздестріу жұмыстарына Каспий теңізі кеме шаруашылығы мен ТЖМ кемелері жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. SOCAR, ТЖМ және «Азнефть» басшылығы оқиға орнына келді», - делінген Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының хабарламасында.
14:47, 15 Желтоқсан 2016
Әзербайжан Каспий теңізінде жоғалып кеткен мұнайшыларды іздестіріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның ТЖМ кемелері және Каспий теңізі кеме шаруашылығы эстакада бөлігі Каспийге құлағанда суға кеткен мұнайшылардың денесін іздестіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды РИА Новости Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясына (SOCAR) сілтеме жасап.