«Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанмен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. Яғни, шамамен 168 млн долларды құрады. 2017 жылы тауар айналымын таяу 2-3 жылдың ішінде еселей түсу тапсырмасы берілген болатын. Дегенмен, егер осы үрдіс сақталанатын болса, онда жылдың соңына дейін тауар айналымын еселеу міндетін мерзімінен бұрын орындайтын боламыз. Әзербайжан тарапының қазақстандық астықты сатып алуын қайта жолға қоюы да маңызды. Өздеріңіз де білетіндей, соңғы уақытта қазақстандық астық сатып алынбады десек те болады. Бұл да тауар айналымының өсіміне септігін тигізді», - деді ҚР Энергетика министрі.
Оның дерегінше, осы жылдың 8 айында Қазақстан тарапының экспорты 2 есеге артып, импорт көлемі де 75-76 пайызға өсім көрсеткен. Бұл ретте Әзербайжан тарапы Қазақстанға металл құрылғыларын, құбырлар жеткізеді. Аталған жабдықтар еліміздің батысында мұнай операцияларына қолданылады.
«Ал біз өз тарапымыздан ауыл шаруашылығы өнімдерін, машина жасау, мұнай өнімдерін жеткіземіз. Қазіргі уақытта тараптар вагондар мен локомотивтер жеткізу мәселесін талқылап жатыр. «Бәйтерек» бүгінде бұл мәселені қарастыруда», - деді Қанат Бозымбаев.
Әзербайжан Энергетика министрі Пярвиз Шахбазов та екі елдің арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы айтарлықтай өскенін атап өтті.
«Бүгін үкіметаралық комиссиямыздың 15-отырысы өтіп жатыр. Оның аясында өткен жылдың нәтижелерін қорытындылайтын боламыз. Қол қоюға ниеттеніп отырған көлемі әрі толыққанды құжаттарымыздың жобасы бар»,- деді ол.